Ғалия Адамбай әлеуметтік желіде коуч-тренер Төребек Бекбаевты сынға алып, оның ізбасарларының көзқарасын «сектаға» теңеді. Оның айтуынша, бұл идеялар отбасындағы қарым-қатынасқа кері әсер еткен.
Ғалияның сөзінше, коучтың ұстанымдары ата-ананың баланың денсаулығы мен қауіпсіздігіне қатысты шешім қабылдауына да кедергі келтірген. Ол алдағы уақытта өз сөзін растайтын құжаттар мен деректерді жарияламақ.
