Саясат

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысының 90 жылдығымен құттықтады

Сурет:Aqorda.kz / Бердалы Ораз

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысының құрылғанына 90 жыл толуына орай өңір тұрғындарын құттықтады.

Президент құттықтауында Қостанайды тарихы терең, берекесі мен бірлігі жарасқан өңір ретінде атап өтіп, облыстың еліміздің ауыл шаруашылығы мен экономикасының дамуына қосып отырған үлесін жоғары бағалады. Сондай-ақ өңірдің өркендеуіне еңбек сіңіріп жүрген азаматтарға ризашылығын білдірді.

Сондай-ақ, ол қостанайлықтарға зор денсаулық, бақ-береке тілеп, Тобыл–Торғай өңірінің одан әрі гүлденуіне сәттілік тіледі.