АҚШ президенті Дональд Трамп Ресейге қарсы жаңа санкциялар енгізуді көздейтін заң жобасын қолдайды. Бұл туралы CNN телеарнасы хабарлады.
Басылым мәліметінше, заң жобасы Ресейден мұнай сатып алатын елдерге 500 пайыздық кедендік баж салығын енгізуді қарастырады. Мұндай шара Ресейдің мұнай экспортынан түсетін кірісіне қысым жасауды мақсат етеді.
Аталған заң жобасының авторларының бірі – АҚШ сенаторы Линдси Грэм.
Заң жобасы күшіне енуі үшін оны Конгресс қабылдап, кейін президент қол қоюы қажет.
