Бүгін еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық сақталады. Синоптиктер тұрғындарға қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес берді.
Мамандардың айтуынша, қажет болмаса сағат 11:00-ден 17:00-ге дейін сыртқа шықпаған жөн. Осы уақыт аралығында күн сәулесінің әсері күшейіп, ыстықтың адам денсаулығына қаупі артады.
Қазақстанның көптеген өңірінде ауа температурасы климаттық нормадан жоғары болады. Кейбір аймақтарда сынап бағанасы 45 градусқа дейін көтерілуі мүмкін.
Осыған байланысты сарапшылар ашық түсті әрі жеңіл киім киюге, мүмкіндігінше көлеңкеде немесе кондиционері бар бөлмеде болуға және күн бойы жеткілікті мөлшерде су ішуге кеңес береді.
