Сурет: иллюстрация
Қазақстан аумағында бір тәуліктің ішінде бес орман өрті тіркелді.
10 шілдеде Қостанай облысында бір, Павлодар облысында бір, сондай-ақ Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде, «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватында және «Жасыл аймақ» мемлекеттік қазыналық кәсіпорнында бір-бірден өрт шыққан.
Құзырлы қызметтердің жедел әрекетінің нәтижесінде барлық өрт қысқа уақыт ішінде толық сөндірілді.
Мамандар тұрғындарды орман алқаптарында өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырып, қауіпсіздік ережелерін бұзбаудың маңызын ескертті.
