Новости

Бокстан Пекин Олимпиадасының қола жүлдегері Еркебұлан Шыналиев өзіне қастандық жасалғанын айтып халықтан, полиция мен бас прокуратурадан көмек сұрады

Бокстан Пекин Олимпиадасының қола жүлдегері Еркебұлан Шыналиев өзіне қастандық жасалғанын айтып халықтан, полиция мен бас прокуратурадан көмек сұрады.

Еркебұланның соңғы видеоүндеуінде; 2025 жылдың мамыр айында қылмыс әлеміне «Нойс» лақап атымен танымал Иманалиев Нұржан және Мұқашев Шыңғыс Стамбулға шақырып бапкерлік қызмет ұсынған. Он күн Стамбулда болып елге келген соң «Шыңғыс деген азамат белгісіз біреулерді соққыға жығуды тапсырған, алайда Еркебұлан олай жасай алмайтынын айтып бас тартқан. 

«2026 қаңтар айында Стамбулға қайта шақырып алып, орман арасына апарып, басыма пистолет тақап қорқытып, қағаздарды көрсетіп оқытып, ұлттық қауіпсіздік қызметкерінің адамымын, мені сендерге жіберген солар, деп айтқызып, видео түсіріп алды» — дейді.

Қазіргі таңда өміріме қауіп төніп тұрғандықтан бас прокуратурадан, полициядан, халықтан көмек сұраймын деген видеоүндеуінде.