Түркістан Облысы, Келес Ауданы, Ақтөбе а/о Жаңадәуір ауылының 5 сынып оқушысы Президент Қасым Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа үндеу жолдады. Президент Қасым Жомарт Кемелұлы Тоқаев Елімізде ауыларды дамыту үшін қыруар қаржы бөлініп жатқандығын айтса да неге осы күнге дейін ауылдарда инфрақұрылым дамымай жатыр? Свет, су, жол мәселесі өзекті күйінде қалып отыр. Видеода Келес Ауданы, Жаңадәуір ауылының мектеп оқушысы ылай, батпақ көшеде тұрып Президентке үндеу жолдаған. Оқушы қыз үндеуінде Түркістан атқару билігінен қайран жоқ деп ескертеді!
